«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ-ы ұйымдастыруымен өткен Республикалық «Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауына "Арнайы пәндер оқытушылары" аталымы бойынша қатысқан колледж оқытушысы Г.Қабдешова жеңімпаз атанып, жүлделі I орынды иеленді.
Аталмыш байқаудың Республикалық кезеңіне әр өңірден ТжКББ ұйымдарынан 19 қатысушы өтінім берген болатын. Гаухар Асхатқызы өзінің кәсіби шеберлігінің нәтижесінде Үздіктер қатарынан көрініп, жүлделі орынды жеңіп алды.
Әріптесімізді кезекті жеңісімен құттықтай отырып, шығармашылық табыс тілейміз!