Бүгін колледжде облыс әкімінің орынбасары Ж.Бисембиевтің қатысуымен 2022 жылы жетістікке жеткен облысымыздың бірқатар дарынды студенттері мен оқытушыларын ұлықтау шарасы өтті.
Шараға сондай-ақ Атырау облысы Білім беру басқармасының өкілдері, бірқатар оқу орындарының басшылары, студенттері мен оқытушылары қатысты.
Атырау облысы әкімінің орынбасары Ж.Бисембиев «Worldskills Kazakhstan-2022» Ұлттық чемпионатының жеңімпаздарын жетістіктерімен құттықтап, өңір намысын лайықты қорғаған 13 медаль иелеріне Атырау облысы әкімінің "Алғыс хаты" және ақшалай сертификаттарын табыстады.
Атырау облыстық білім беру басқармасының басшысы Г.Садуақасова чемпионатқа белсене ат салысқан колледж басшыларын, эксперт-компатриоттар мен қатысушы студенттерді Атырау облысы білім беру басқарма басшысының "Алғыс хатымен" марапаттады.
Колледж студенті, чемпионат жеңімпазы Бағытжан Е: "Ұлттық чемпионатқа “Инженерлік графика” компетенциясы бойынша қатысып, жүлделі Алтын медаль иеленіп, әлемдік чемпионатқа жолдама алдым. Ендігі кезекте Польша елінде өтетін әлем чемпионатында ел намысын лайықты қорғап, әлемдік додада туған жерімнің туын көкте желбіруі үшін аянып қалмаймын. Сіздердің қолдауларыңыз арқылы біз Қазақ жастары мықты екенін бәріне дәлелдейміз!"- деп ықыласын білдірді.
Республикалық және өңірлік шеберлік байқауына қатысып, жеңімпаз атанған бірқатар колледж оқытушылары да марапатталды.
Қазақстан Республикасының «Үздік ТОП-100 студенті» жобасында жеңімпаз атанған колледжіміздің 5 студенті де назардан тыс қалмады. Олар да "Алғыс хат" пен ақшалай марапатқа ие болды.
Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз. Алар асуларыңыз биік болсын, жеңімпаздар!
Жаңа 2023 жылы білім сайыстарында еліміздің абыройын асқақтататын жастарымыз көп болсын!