Бүгін «Worldskills Politech-2023» колледжішілік чемпионатының ашылу салтанаты мен алғашқы конкурстық күні өтті. Осы жолы кәсіби шеберлік чемпионатында 14 құзыреттілік бойынша 80 қатысушы өз қабілеттерін көрсетіп, бақтарын сынамақ.
Чемпионатқа қатысушылар саны жыл санап артып келеді. Колледж студенттері үшін чемпионатқа қатысып, жүлделі орын алып, облыс және республика көлемінде бақтарын сынау үлкен тәжірибе. Нағыз өз мамандығының шеберлерінің алғашқы қадамы осы байқаудан басталады.
Салтанатты шараға арнайы шақыртылған «Тиберти Электрик» ЖШС-ң техникалық директоры А.Аблаев жыл сайынғы бұл чемпионатқа қатысушылар және компетенциялар санының артуы қуантарлық жағдай екендігін атап өтіп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Қатысушыларды серіктес мекеме өкілдері сарапшы және тәуелсіз сарапшы ретінде бағалайтын болады.
Мыңнан тұлпар, жүзден жүйрікті анықтайтын сәтке де жеттік. Алға, жас шебер!