1 ай бұрын IT құзіреттілік орталық базасында Worldskills стандарттары бойынша "Машина жасау бөлшектерін жобалау"v2.0 тақырыбында ақылы негізде кәсіби курс бастаған болатынбыз.
Бүгін курс қатысушылары қорытынды емтихан тапсырып, 1 ай бойы визуализация, бөлшектеу және құрастыру анимациясы, өнім дизайнын жасау бойынша жинақтаған практикалық дағдыларын көрсетті.
Курсты сәтті аяқтаған тыңдаушыларға арнайы сертификаттар табысталды.
Бізбен бірге IT саласының мықты маманы болуға шақырамыз