1 маусым- “Балаларды қорғау” күніне орай колледж ұжымы мен белсенді студенттері Талқайраң елді мекенінде орналасқан отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйіне мерекелік көңіл күй сыйлау мақсатында қонақта болды.
Бұл шара жыл сайын колледж студенттері үшін дәстүрге айналды. Шара барысында студенттер балалармен бірге ән салып, би билеп және түрлі ойындар ойнап, сыйлықтар табыс етті.
Колледж ішінде ұйымдастырылған қайырымдылық шараларынан түскен қаражат есебінен ойыншықтар мен тәттілер табысталды.
Игі істер арқылы студенттерді патриотизм, мейірімділік, қайырымдылыққа тәрбиелеуде бұндай шаралардың септігі зор.