Бүгін колледжімізде Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласында көтерілген түркі әлемінің генезисі, ұлы даланың ұлы есімдері, дала өркениеті, ұлттық бірегейлік сынды ұлттық рухани тұрғысындағы маңызды мәселелер өңіріміздің белгілі ғалым, тарихшыларымен талқыланды.
Әсіресе, қазақ үшін қашанда қасиетті саналған жылқы малы, оның басқа түліктерден ерекшеліктері, алма мен қызғалдақтың тарихы туралы қызықты деректер, қазақ даласындағы металлургия туралы мысалдар студенттерді бей-жай қалдырмады. Қатысушы жастар мұндай қазыналар өлкемізде де бар екенін, оларды зерттеу, сақтау – кейінгі жас буын өкілдерінің үлесіндегі міндет деп түсінді.
Х.Досмұхамедов атындағы университет профессоры А.Шамғонов «Туған жер» бағдарламасы негізінде колледж студенттеріне «Өлкетану» пәнін оқыту қажеттігін ұсынып, студенттер де өз ойларын ортаға салды.