Колледж студенттердің теориялық білімдерін практикамен ұштастыру мақсатында Атырау өңіріндегі 65 өндіріс орындары, кәсіпорындарымен келісім шарттар жасалған, келесі бағытта жұмыстар жүргізілуде:
2020-2021 оқу жылына кәсіптік практикаларды өткізу келісім-шарттары барлық серіктес кәсіпорындармен ұзартылды. «ПКФ Континент Ко ЛТД» ЖШС, «АтырауНефтеМаш» ЖШС, «КазТурбоРемонт» ЖШС басшыларымен студенттер практикасы, өндірістік оқыту шеберлерімен арнайы пән оқытушыларын тағылымдамадан өткізу мәселелері талқыланды.
Оқу үлгерімдері жоғары және әлеуметтік жағдайы төмен студенттердің оқу ақысын төлеуге кәсіпорындар тарапынан қолдау көрсетіліп келеді. 2019-2020 оқу жылында 65 студенттің оқу ақылары төленді. Қолдау көрсетіп отырған компаниялар арасында «АНАКО» ЖШС -16 студенттің, «Қожан» ЖШС – 3 студенттің, «Прикаспиан Петролеум» ЖШС - 2, «Алтейс Петролеум» ЖШС-1, «Матен Петролеум» ЖШС – 2, «ТобеАралОйл» ЖШС- 1, Казэнерджи – 37, «ДоссорМұнайГаз» МГӨБ – 1, «Сазанқұрақ» ЖШС – 2 студенттің оқу ақыларын төледі.
Колледждің индустриалды кеңесін құру жұмысы 2020-2021 жылы қолға алынып, бизнес өкілдерін тарту арқылы өндірістегі жаңа технологиялармен танысу, оқу бағдарламаларына өзгеріс енгізу жұмыстары жүргізілуде. Индустриалды кеңес құру туралы колледж ұсынысы «АМӨЗ» ЖШС, «ПКФ Континентал Ко ЛТД» ЖШС, «АтырауНефтеМаш» ЖШС сияқты ірі бизнес өкілдерінен қолдау тапты.
ТҮЛЕКТЕРДІҢ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУ КӨРСЕТКІШІ
Колледж түлектерінің жұмысқа орналасу көрсеткіші жыл сайын түлектермен тікелей байланыс жасау және «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік Корпорациясы коммерциялық емес АҚ Атырау облысы бойынша филиалы арқылы талдау жасалынып, төмендегідей көрсеткішті көрсетті:
2019-2020 оқу жылында бітірушілер саны-391,
оның ішінде жұмысқа орналасқаны-315 (80%)
ЖОО түскені -57 (14,5%)
техникалық және кәсіптік білім ұйымдарында оқитындар- 13, (3,3%)
декреттік демалыста – 0
әскер қатарына шақырылғаны – 2 (0,5%)
қамтылмаған түлектер саны – 4 (1%)