16-17 сәуір аралығында инвесторлармен серіктестікті дамыту және техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жетілдіруге негізделген Жол картасын іске асыру мақсатында колледж базасында ашылған құзыреттілік орталығында біліктілікті арттыру курсы өтті. Біліктілікті арттыру курсын "ТМК-Казтрубпром" ЖШС-ң өкілдері өткізді. Курсқа коллеждің оқытушылары, оқу өндірістік шеберлері және студенттері қатысты. Сондай ақ, Жылыой мұнай, газ технологиялық колледжінің, APEK Petrotechnic жоғары колледжінің оқытушылары мен студенттері, "Қазмұнайгаз" НИИ ТДБ ЖШС-ң Атырау, Ақтау, Нұр-Сұлтан қалаларындағы бөлімшелерінің инженерлері мен менеджерлері қатысты. Курс жоғары деңгейде өткізілді.