17 мамырдан бастау алған, Алғашқы әскери және Технологиялық Дайындық пәні бойынша "Бес күндік дала жиыны" апталығының екінші күні қызу қарқында өтті.
⠀Әскери жетекшілер 1-курс студенттерін 6-взводқа бөлді. Ұлдарға 42433 әскери бөлімінен келген "арнайы мақсаттағы барлау ротасының топ сержанттары" теориялық білімдерімен бөліссе, 6-взвод қыздарына Атырау облыстық медициналық жедел-жәрдем станциясының маманы Тукеев Қанат мырза дәріс жүргізді.
⠀Күн сайын 6 сағаттан тұратын лекцияларда әскери бөлімнің мамандары теориялық және практикалық тұрғыдан "Ұрыстағы сарбаздың әрекеттері.Қорғаныстағы сарбаз. Шабуылдағы сарбаз. Бақылаушы сарбаз.Шолушы сарбаз" тақырыптары бойынша сабақ берді.
⠀Ал, қыз балалар болса Жедел жәрдем қызметкерлерімен бірлесе отырып "Әр түрлі бақытсыз жағдайларда көрсетілетін алғашқы медициналық көмек" туралы толықтай мағлұмат алып, өздерінің толғандырған сұрақтарын қоя алды.
⠀Дәрістен кейін взвод студенттері практика жүзінде бойларындағы қасиеттерін одан арта шыңдай түсті.