1-курс студенттеріне оқу кестесіне сәйкес 17-21 мамыр аралығында "Бес күндік оқу-дала жиыны" апталығы өткен болатын.
Колледжіміздің әскери жетекшілерінің, медбикелеріміздің және шақыртумен келген арнайы мақсаттағы барлау ротасының топ сержанттарының сонымен қатар Атырау облыстық медициналық жедел-жәрдем станциясының мамандарының қатысуымен бес күндік оқу – дала жиынының жабылу рәсімі өтті.
Жетекшілеріміз дайындаған әр взвод студенттері әр-түрлі әдіс-тәсілдерді практика жүзінде көрсетті. Бесінші оқу взводы практикалық-тактикасын көрсетуші қорғаныстағы сарбаздар Отан қорғауға тас-түйін дайын екендігін көрсетсе, екінші оқу взводы АК-74 автоматын жартылай бөлшектеу және жинақтауын көрермен назарына ұсынды. Ал, үшінші оқу взводы қоян - қолтық ұрыс тәсілдерін жасады.
Колледжіміздің сұлу қыздары "Сарбаздар" биіне мың бұрала биледі.
Шара қорытындысында колледж директоры сөз алып, бес күндік оқу –дала жиынының өз дәрежесінде өтуіне атсалысқан қонақтарымызды, топ сержанттарын, медбике және оқытушыларды арнайы алғыс хаттармен марапаттады.