Бүгін, өңіріміздің техникалық және кәсіптік оқу орындарының студент жастары арасында шеберлікті шыңдауға арналған «WorldskillsAtyrau-2021» чемпионаты 10 құзыреттілік бойынша Саламат Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжінде бастау алды.
Байқаудың алдағы 3 күнінде 49 қатысушы шеберліктерін танытса, 45 сарапшылар жұмыс нәтижелерін бағалайтын болады. Жыл сайын чемпионатқа деген студенттердің қызығушылығы артып, қатысушылар саны ұлғайып келеді. Чемпионат білім алушы студенттердің таңдаған мамандығы бойынша біліктілігін шыңдаумен бірге, болашақта жұмысқа орналасуына үлкен септігін тигізеді.
Чемпионат қатысушыларына сәттілік тілейміз!