Колледжде білім беру қашықтықтан жүзеге асырылса да, біліммен қатар тәрбие жоспары бойынша атаулы мерекелер мен жастардың өзін-өзі басқару ұйымдарының шаралары тоқтаған емес.
Оқу жылында табандылық танытып, шығармашылық ізденістерімен жетістікке жеткендерді марапаттауға арналған «THE BEST AWARD-2021» шарасында Республикалық, Облыстық деңгейдегі түрлі байқаулардан жүлделі орындар алып, колледжішілік шараларда топ жарған оқытушылар мен студенттер үздіктер номинациясымен марапатталды.