Колледж халықты табиғи және техногендік сипаттағы азаматтық қорғанысты қамтамасыз етумен, объектілер мен аумақтарда шаруашылықты жүргізу үшін төтенше жағдайларды жою және алдын алу саласындағы мамандарды дайындаумен айналысады.
Теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру мақсатында ЗЧСа-18 және ЗЧСа-19 тобы студенттеріне топ жетекші Кузембаева Карлыгаш Ерсаиновна Атырау қаласының мамандандарылған Өрт сөндіру бөлімінің командирі Мусагалиев Руслан Серікұлы, аға лейтенанты Зағыпаров Жігер, өрт сөндіруші Абдиров Азамат және Жедел құтқару жасағының құтқару бөлімінің басшысы Рахимов Нұржанмен танымдық – тәрбиелік шара ұйымдастырды.
Мамандар жұмыс барысында кездесетін қиындықтар мен оған төтеп беру керектігін сөзге тиек етіп, жауапкершілігі зор мамандыққа білім мен физикалық күштің, психико-эмоционалды және медициналық дайындықтың да жоғары болуын, топқа икемделе білуін және ауызбіршіліктің маңыздылығын айтты.
Шара студенттерге өз мамандығының майталмандарымен кездесе отырып, пікір алысуға, құтқарушы мамандығына жүйелі көзқарас қалыптастыруға, мамандыққа деген қызығушылығын арттыруға, сол жолда тиянақты да, саналы білім алуға деген ұмтылысты оятуға бағыт берді. Студенттерге негізгі құрал жабдықтарын қолдануды үйретіп, практикалық сабақтарда болашақ ізбасарларына өз дағдыларын игертуге ықпал ететіндігін білдірді.