Осындай тақырыпта мұнай бөлімінің ұйымдастыруымен мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында Б.Момышұлы атындағы №25 орта мектептің 9 сынып оқушыларына тренинг өткізілді.
Оқушыларға әр түрлі квест тапсырмалар арқылы техникалық мамандықтардың ерекшеліктері таныстырылды.
Жастарға мамандық таңдаудағы қабілеттері мен дағдыларын, кәсіби және танымдық қызығушылықтарын анықтау мен дамытуда тұлғалық-бағдарлы көмек көрсетілді.