1 наурыз -"Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс" күні қарсаңында "Төтенше жағдайда қорғау" мамандығының 4 курс студенттеріне Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің №13 "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметтері" жаңа мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің базасында экскурсия сабағы өткізілді.
Экскурсия барысында студенттер өрт сөндірушілердің қызметімен, Атырау облысының құтқарушыларының қарулануындағы өртке қарсы техникаларымен танысты.
Өрт сөндіру бөлімінің кәсіби мамандары жұмыс барысында мүмкін болатын штаттан тыс жағдайлар мен олар туындаған жағдайда қабылдануы қажет шаралар туралы өз тәжірибелерімен бөлісті. Танымдық бағытта ғана емес, сондай-ақ профилактикалық бағытта өткізілген сабақ барысында студенттердің өз мамандықтарына деген қызығушылықтарын, сүйіспеншілігін оятуға септігі тиді деген сенімдеміз.