Технология бөлімінің апталығы аясында Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Батыс өңірлік аэроұтқыр құтқару жасағының қызметкерлері колледж студенттеріне профилактикалық сабақ өткізді.
Құтқарушылар студенттерді өз мамандықтарының ерекшеліктерімен таныстырды.Студенттер авариялық-құтқару автомобилінің тактикалық қабілеттері және оның авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін қажетті түрлі құралдарымен танысты.
Құтқарушылар көктемгі кезеңде су қоймаларының жанында сақтық шараларымен таныстырып, колледж студенттеріне импровизацияланған құралдардың көмегімен адамдарды судан құтқару жолдары туралы да айтылды. Профилактикалық іс-шара студенттердің шынайы қызығушылығын тудырды.