Колледжде 01– 04 наурыз аралығында 17 құзыреттілік бойынша колледжішілік WorldSkills чемпионаты өтуде. Байқауға 70-тен аса студент қатысып бақтарын сынап, іскерлік пен кәсіби дағдыларын көрсетуде. Байқауға қатысушылардың жұмыстарын әр модуль бойынша кәсіби сарапшылар бағалайды. 4 күнге созылған байқау қорытындысы бойынша жүлделі орын иеленген жеңімпаздар облыстық чемпионатқа қатысуға жолдама алады.
Кәсіби шеберлік байқауға қатысушылар 17 құзыреттілік бойынша бақ сынайды. Бұған дейін электромонтаждық жұмыстар, өнеркәсіптік автоматика, СББ бойынша токарлық жұмыстар, мобильді робототехника, графикалық дизайн, желілік және жүйелік басқару, инженерлік графика САD, прототиптеу, ақпараттық кабель жүйесі, электроника, мехатроника, Webтехнология, видеомонтаж, зертханалық және химиялық талдау, слесарлық іс бағыттары бойынша қатысып келсе, чемпионаттың құзыреттілік аясы да кеңейіп, биыл алғаш рет «Құтқарушы», «Темір жол көлігінде тасымалдауды басқару», құзыреттіліктері бойынша қатысушылардың кәсіби шеберліктері сынға түседі.
Барлық байқауға қатысушы студенттерге, сарапшыларға сәттілік тілейміз!
Колледжде қалалық мектептерге Ашық есік күні ұйымдастырылып WorldSkills байқауын тамашалауға мектеп оқушылары келуде. Мектеп оқушыларына мамандықтар бойынша ақпараттар беріліп, материалдық техникалық база таныстырылып, колледж психологтары мен жастар ісі комитет мүшелерімен тренигтер ұйымдастырылып, студенттік парламент мүшелерімен дискуссиялық алаңдар өтуде.