"Жас маман" жобасын іске асыру шеңберінде "Едил-Орал.kz" ЖШС мекемесімен кадрларды даярлаудың халықаралық стандарттарына (салалық аккредиттеу) сәйкестігін бағалаудан өту процесін талқылау бойынша кездесу өтті.
Колледжде халықаралық аккредиттеуден өту үшін бірқатар іс-шаралар өткізілді:
*стейкхолдерлермен колледжді бағалаудан өту мәселесін талқылау
*жұмыс берушілердің, оның ішінде шетелдік компаниялардың талаптарын зерделеу
*шетелдік салалық орталықты таңдау.
Колледж "Энергетика" бағыты бойынша шетелдік орталық - International Electrotechnical Commission(IEC) таңдаған болатын.
Бүгін аталмыш мекемеден аккредиттеуден өткен, IEC халықаралық сертификаты бар "Едил-Орал.kz" ЖШС мекемесімен өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Компанияны дамыту жөніндегі директоры Серік Аманғалиев колледждің материалдық-техникалық базасымен танысып, оқытушылармен ғана емес, студенттермен де әңгіме жүргізді.
Қол қойылған меморандум аясында колледждің оқыту бағдарламаларын өзектендіру және қайта қарау, студенттердің скринингі, оқытушылардың біліктілігін арттыру және халықаралық бағалау рәсімінен өту бойынша жұмыста сүйемелдеу бойынша жұмыс тобын құру жоспарлануда.
Бұл ынтымақтастық жұмыс істеп тұрған біліктіліктердің мазмұнын жаңартуға, еңбек нарығындағы жаңа мамандықтар мен кәсіптерді айқындауға, нәтижесінде қазақстандық және әлемдік еңбек нарығында бәсекеге қабілетті еңбек ресурстарының жаңа буынын өсіруге мүмкіндік береді деп үміттенеміз.