Бүгін колледж директорының "Ембімұнайгаз" АҚ Басқарма төрағасы Есен Қайыржанұлымен кездесуі өтті. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері, атап айтқанда, кәсіпорынның кадрлық қажеттілігі, кен орындарында дуалды оқыту бойынша өндірістік тәжірибені ұйымдастыру, өндірістік алаңдарда оқытушыларды тағылымдамадан өткізу, білім беру бағдарламаларын өзектендіру және бірлесіп әзірлеу, студенттер мен түлектерді жұмысқа орналастыру мүмкіндіктері мәселелері талқыланды.
Кәсіпорын басшысы білім беру мен өндірісті интеграциялау өте маңызды екенін және өз тарапынан ол колледжді кадрлар даярлауда қолдайтынын, өйткені біздің өңірдің экономикасын дамыту осыған байланысты екенін атап өтті.
Ынтымақтастық тек қана дамитынына сенімдіміз!