8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні - көктем мерекесі қарсаңында колледжге өмірі мен қызметі өскелең ұрпақ үшін мақтаныш пен үлгі болатын танымал көшбасшы әйелдер шақырылды: профессор Диарова Дина Муфтаховна және "Каспий Құбыр Консорциумы" бас директорының орынбасары Қапакова Гүлзада Нұхиқызы.
Кездесу жүргізушісі қонақтарды ерекше түрде таныстырды, ал зал оларды ерекше қызығушылықпен жылы қарсы алды, түрлі тақырыптарға: табыстар мен сәтсіздіктер туралы, хобби мен әуестену туралы, алғашқы жетістіктер мен миссиялар туралы, тіпті махаббат туралы қиын сұрақтар қойды. Барлық осы сұраулар егжей-тегжейлі талқыланды.
Қонақтардың залмен қарым-қатынасы өте жайлы және жылы жағдайда өтті. Колледж оқытушылары мен студенттері өз мақсаттарын жүзеге асыру және проблемаларды шешуді үйрену туралы пайдалы кеңестер алды. Колледж студенттері концерттік нөмірлермен өнер көрсетті және кездесу соңында барлығы "бүгін осында жиналғанымыз қандай керемет" әнін шырқады.
Қатысушыларға шығармашылық көзқарас пен кездесудің оң энергетикасы үшін алғысымызды білдіреміз!