Жылы шырайлы көктем мерекесі 8-наурызды ұжымдағы ер азаматтар да ұмытпады. Осынау жарқын мерекенің біздің барлық үміттеріміз бен армандарымызды тығыз байланыстыратын көктемнің алғашқы айының басында келуі жақсылықтың нышаны болса керек. Колледждегі нәзік жандылардың баршасының көңілін жадырата әндетіп, орынды әзілдерімен күлдіріп, ізгі тілектерін жаудырып, құшақ-құшақ гүлдерін де тарту етті. Салтанатты шарада колледж директоры құттықтау сөз сөйлеп, бірнеше аруларымызды мереке қарсаңында дипломмен марапаттады.
Осынау жарқын мерекеде барлықтарыңызға шынайы көңілмен зор денсаулық, баянды бақыт, отбасыларыңызға береке-бірлік, еңбектеріңізге табыс тілейміз.