Құрметті әріптестер! Қадірлі замандастар!
Халқымызда, әсіресе байтақ еліміздің батыс аймақтарында наурыздың 14 күні тойланатын көрісу күні салты берік орныққан. Амал мерекесі деп те аталатын бұл күні - халық қыстан аман-есен шыққанына, көктемге аяқ басқанына қуанып, бір-біріне жақсы тілектер айтып жүздеседі. Кішілер жасы үлкендерге қос қолын беріп амандасады. Адамдар өз үй-іші, туыс-туған, көрші-көлеммен көрісіп бір-біріне «Бір жасыңмен!», «Осы жылға аман-есен жетуіңмен!» деп құттықтап амандық тілейді.
Бұл – ұлтымызды татулық пен бауырмалдыққа, ізеттілік пен мейірімге үндейтін үрдіс.
Шаттық пен қуанышқа, ақ бата мен молшылыққа толы бұл мереке осы қарқынмен ұлыстың ұлы күні - 22 наурыз мерекесін қарсы алуға ұласады.
Сіздерді мерекемен құттықтап, жақсылықтар тілеймін.
Баршамыз Елімізге, жерімізге тыныштық, тұтастық, игілік, береке тілейік.
Көрісу күні құтты болсын!
Құрметпен: колледж директоры Бағыт Кеңесқызы