Ұлттық өнер – халқымыздың ұрпақтан ұрпаққа ауысып, тамырын тереңге жайып келе жатырған киелі мұрасы. Ұлттық мәдениетіміздің қолданбалы дәстүрлі өнері, ән өнері, би өнері, зергерлік өнері халқымыздың тарихымен, дүниетанымымен үндесе дамып келеді.
Халық шеберлері ағаштан астау, шара табақ, тостаған, тегене, саптыаяқ, ожау, т.б. ыдыстар дайындаған. Шеберлер дәстүрі бүгінде жалғасын тауып, күнделікті тұрмыста кең қолданылып жүр.
«Ақпараттық технология» бөлімінің ұйымдастырылуымен өткізілген бүгінгі шарада осы аталған ұлттық өнер түрлері барынша көрініс тапты. Шара қонақтары, ұлттық өнерді, оның ішінде қол өнерін дамытуға барынша үлес қосып, жастарға насихаттап жүрген «Хиуаз» әйелдер бірлестігінің мүшелері шараның шырайын келтірді. Өз қолдарынан шыққан қолөнер туындыларымен таныстырып, олардың мән-мағынасын түсінідіріп кеңінен мағлұмат берді.