Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесін колледж ұжымы мен студенттері қуанышпен қарсы алды. Күн мен түн теңесіп, жыл басы Наурыз мерекесін көпшілікпен бірге тойлау үлкен мəртебе. Бірін-бірі құшақтай қарсы алысып, көрісе амандасқан ағайынның қуанышы - күллі елдің қуанышы. Көріскен жамағаттың жадыраған жылы жүзі осыны аңғартқандай.
Ұлы мерекеге арналған студенттердің концерттік бағдарламасы ұсынылып, «Абай», «Мұқағали Мақатаев», «Дина», «Абылайхан», «Ахмет Байтұрсынов», «Қыдыр ата» қонақжай ауылдарының дастарханы кеңінен жайылып, ыдыстары аққа толды. Жиналған көпшілік қауым Ұлыстың ұлы күні жайылған дастарханнан дəм татты.
Ел қазаны ортаймай, биыл да ас мол болсын деген ниетпен қыз-келіншектер наурыз көже мен бауырсақты ерекше етіп əзірледі. Ырыс пен берекенің, жақсылық пен мейірімділіктің нышанына айналған мерекеде "Қол күрес", "Лəңгі тебу", "Арқан тартыс" сияқты ұлттық ойындармен жалғасты.
Ұлысқа мерей, туысқа мейірім сыйлайтын татулық мерекесін колледж ұжымы осылайша бір отбасыдай қарсы алды.