Кеше колледж педагогтарының барлығы біле бермейтін қыр-сыры ашылған, актерлік шеберлігі мен лидерлік қабілеті дамыған керемет күн болды.
Екі күнге созылған семинар-тренингтің бірінші күнінде колледж оқытушылары, "Талап" КЕАҚ-ң штаттан тыс тренерлері Н.Нуржан, Г.Тусалиева, Ж.Арыстанбекова колледж педагогтарына оқытудың белсенді техникалары мен құрал-саймандарын таныстырды. Уақытты тиімді пайдалану, топтық жұмыс, ораторлық қабілет пен актерлік шеберлікті дамытуға арналған түрлі тренингтар өткізіп, колледж педагогтарына жаңа серпіліс сыйлады.
Жарқын эмоциялар, ұжымдық рух көрініс тапқан керемет күннен видео ұсынамыз.