Жоғары колледжімізде «АПВК аруы-2022» байқауы болып өтті. Байқаудың бірінші кезеңінде қатысуға ниет білдірген 24 арудың ішінен ақылына көркі сай 8 ару таңдап алынған болатын.
«АПВК аруы-2022» атағын иемденуге дайындалған арулар таныстыру, шығармашылық өнер, зияткерлік бөлім және кешкі көйлек үлгісілерін көрермен назарына ұсынды. Әсем сұлу келбетімен сайысқа түскен аруларымыздың ішінде бірінші орын иемденген аруымыз - Асқарова Жангуль болды. Ал Вице-Мисс атағына ие болған және «Көрермен көзайымы» болған аруымыз Джолшыбек Камиланы да жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Үшінші орын алған сұлуымыз – Аканова Оксана.
Десек те, сайыс соңында қарсыластарынан оза шыққан жеңімпаздар мен жүлделі орынға қол жеткізе алмаса да, “Білімді ару”, “Өнерлі ару”, “Талғампаз ару” сынды номинацияларға ие болған бойжеткендер ұйымдастырушылар тарапынан дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.