Құрметті әріптестер, студенттер!
Баршаңызды Ұлы Жеңіс күні мерекесімен құттықтаймын!
Бұл күні Екінші дүние жүзілік соғыста қанқұйлы жауды күйрете жеңіп, елі мен жерін қорғап қалған аталарымыз бен бабаларымыздың өшпес ерлігі тарихқа алтын әріптермен жазылды.
Майдан даласында ерлік пен жанқиярлықтың небір үлгісін көрсеткен қазақстандық даңқты батырларымыздың есімдері мәңгі есте сақталады.
Соғыс жылдарында Қазақстанға көшірілген өндіріс орындарда мыңдаған тыл еңбеккерлері аянбай еңбек етіп, Жеңісті жақындатуға үлестерін қосты. Олардың қатарында өзінің мұнайынан бөлек қорғаныс өнімдерін шығаратын зауыттарды көшіріп алған Атырау жері мен оларда еңбек еткен жерлестеріміз де болды. Біз оларды мақтан етеміз.
Бізді қорғап қалған ержүрек аға буынның алдында бас иеміз. Олардың қайсарлығы, төзімділігі, табандылығы мен Отан қорғаудағы патриотизмі – қайталанбас үлгі.
Бабалар дәстүрін жалау етіп, олардың жолын жалғастырушы жас ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуде толайым табыстар тілеймін.
Елімізде әрдайым бейбітшілік пен тыныштық болсын!
Ізгі тілекпен, Б. Шеркешбаева