Бүгін Құрманғазы атындағы Мәдениет сарайында өткен «WorldSkills Atyrau-2022» өңірлік кәсіби шеберлік чемпионатының ашылуына колледж командасы қатысты.
Ертең облысымыздан Ұлттық чемпионат біріншілігіне жолдама алатын өңірдегі кәсіби шеберлігі шыңдалған үздік үміткерлерді анықтау үшін студент-жастар сайысы басталады.
«WorldSkills Atyrau-2022» чемпионатына колледжіден 15 компетенция бойынша 23 болашақ жас мамандар қатысады. Чемпионат нәтижелерін бағалау үшін биыл 200-ден астам сарапшы мен қала экономикасының түрлі салаларынан тәуелсіз сарапшылар тартылыпты.
Біз үшін мектеп түлектерінің өз мамандығын таңдауда еркін болуы және болашақта кәсіпқой болуы өте маңызды. Сондықтанда, оларды колледж базасындағы чемпионат алаңына кәсіптік бағдар беру және болашақ мамандықты таңдау мақсатында шақырған болатынбыз.
Осы өңірлік чемпионат аясында бизнес өкілдері, жұмыс берушілер мойындайтын жаңа жұлдыздар жанып, жаңа формация мамандарын көреміз деп сенеміз.
«WorldSkills Atyrau-2022» өңірлік чемпионатында Колледжі атынанқатысып жатырған студенттерімізге табыс және жеңіс тілейміз!