Колледжде бизнес-тренерлер Азаматов Нұрлан мен Ануар Жұмабай Тимбилдинг:көшбасшылық қасиеттер, коммуникация құру, ораторлық өнер» тақырыбында педагогтарға семинар-тренинг өткізді.
Семинарға 40-аса педагог қатысып, өздерінің білімдерін жетілдірді.
Семинар барысында педагогтар көшбасшылық, адамгершілік құндылықтар, мақсатқа жету, тиімді коммуникация құру, көпшілік алдында сөйлеу тақырыптарында «Сенімділік», «Чернобыль», «Құтқару кемесі», «Тимбилдинг» жаттығуларын орындап, топпен жұмыс жасаудың маңыздылығы мен технологиясы, топ мүшелерінің ролі, лидердің 2 моделі, көшбасшы мен педагогтың қоғамдағы ролі, іскерлік қарым-қатынас сияқты дағдыларын дамытты.
Семинар соңында бизнес тренер Ануар Жұмабай қазіргі жастардың әлеуметтік желіде көп отыратындарын айта отырып, педагогтарға әлеуметтік желіде белсенділік танытып, өз парақшаларын ашып, күнделікті сабақтарын, жұмыс жасау барысындағы білім саласындағы жаңалықтарын, өздерінің қызығушылықтарымен бөлісіп тұруларына кеңес берді. Әлеуметтік желі арқылы студенттерге креативті қызықты ойларымен педагог ретінде бөлісіп, өздеріне аудитория жинай алатындарын жеткізді.
Бизнес-тренер Нұрлан Азаматов республикалық деңгейде өзін таныта білген үлкен тарихы бар іргелі оқу орны екенін айта келе, педагогтардың кәсіби қызметтеріне шығармашылық табыстар тіледі. Білім саласында қызмет етіп, білікті мамандар дайындауда заман талабына сай педагогтарға жаңа технологияларды жедел меңгеріп, үнемі ізденісте болып, өзгеріп отыру бүгінгі күннің қажетттілігі екенін жеткізді.
Колледж басшысы тренерлерге ризашылығын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.