16-20 мамыр аралығында өткен "Worldskills Atyrau-2022" өңірлік чемпионаты өз мәресіне жетті.
Биыл 47 құзіреттіліктен 200-ден астам қатысушы бақ сынады.
Колледж базасында конкурс алаңында 13 құзіреттілік бойынша 72 қатысушы сынға түсіп, чемпионаттың әділ өтуін 65 сарапшы мен 10 тәуелсіз сарапшы бағалады.
Барлық жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз. Біз сіздерді мақтан етеміз! Ұлттық чемпионатта жеңіс тұғырында көрінулеріңізге тілектеспіз.
Үздіктер мекені-Polytech.