17-21 мамыр аралығында оқу кестесіне сәйкес 1 курс студенттері үшін оқу-дала жиыны өтті.
Биылғы дала жиынына 20 топ, 482 студент қатысты. Бұл жылдағы көрсеткіштен әлдеқайда жоғары. 1 курстың ұл-қыздарынан 10 взвод құрылып, 5 күн бойы әскери технологиялық дағдыларын жетілдірді.
Оқу-дала жиының сапалы өтуіне қолдау білдірген Батыс өңірлік әскери қолбасшылығының 6 сержантына және №3 қалалық емхананың дәрігерлеріне колледж әкімшілігі атынан алғыс білдіреміз. Еңбектеріңізге табыс, сәттілік, денсаулық тілейміз.