Колледжіміздің 90 студенті 10 компетенция бойынша WorldSkills стандарттары негізінде өз кәсіби біліктіліктерін дәлелдеп шықты.
"Мехатроника", "Дәнекерлеу ісі", "Электромонтаждық жұмыстар", "Зертханалық және химиялық талдау" компетенциялары бойынша демоемтиханда "Атыраунефтемаш" ЖШС, "АМӨЗ" ЖШС, "Kegoc" АҚ, "ПКФ континент Ко ЛТД" ЖШС, "Atyrau_weld_works" ЖШС мекемелерінің білікті мамандары сарапшы ретінде студенттерді бағалау жұмыстарын жүргізді.
Нақты қызметтер мен өндірістік процестерді модельдеу жағдайында студенттердің практикалық дағдылары мен білім деңгейін көрсету мақсатында өткізілген демонстрациялық емтихан өз мәресіне жетті.
Теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын тәжірибе жүзінде өте жақсы көрсеткішпен көрсеткен студенттеріміз болашақ маман атануға дайын екендерін дәлелдеп шықты. Біз сіздерді мақтан етеміз!