Баршаңызды Білім күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл мейрамның әрбір жан, әрбір отбасында алатын орны ерекше.
Әсіресе, мектептен келіп, колледж табалдырығын тұңғыш аттаған жас студенттің жүрегінде бұл күн естен кетпестей сақталады.
Олар үшін бұл сәт–арман қуған жастың жарқын болашағына жасаған маңызды қадамы.
Биыл 2000-нан астам талапкер біздің оқу орнын таңдап, оқуға түсуге конкурсқа түсті. Барлығын қабылдау мүмкін емес, сондықтанда бүгін 18 мамандық бойынша 500 талапкер алғаш рет колледж табалдырығын аттады.
Барша ұстаздар қауымын, студенттерді жаңа оқу жылымен құттықтаймыз және сәттілік тілейміз.