16-17 қыркүйек күндері облыстық колледж студенттері арасында кіші аяқ доптан жарыс өткен болатын. Жарысқа кәсіптік білім беру оқу орындарынан 9 команда қатысты.
Әр команда өзінің дене және спорттық даярлығын көрсетіп, колледждің футболшы қыздар командасы жүлделі 1-орынды жеңіп алды.
Команда құрамында ерекше ойын көрсеткен Ерекешова А- ТПНГа-21 тобы, Жанибек Ж- РЭиСа-21 тобы, Мадалиева Р-ХТПа-20 тобы, Тұрғанова А- ТПНГа-19 тобы, Кенесариева Г- ХТПа-22 тобы, Берсин А-ЗЧСа-22 тобы, Тұрлан А-ХТПа-22 тобы, Байжанова Ж- БДа-21 тобы колледж намысын қорғап, жеңіске жеткен спортшы қыздарымызды құттықтаймыз! Біз сіздерді мақтан етеміз!