Махамбет ауданы әкімдігінің қолдауымен аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Өнерпаз мәдениет үйінде «Махамбет ауданы әкімінің кубогі» Жайдарман ойындары өткен болатын.
Ойынға Атырау қаласынан және басқа да аудандардан өнер көрсеткен командалар арасынан колледждің «Баймұқанов 45» КВН командасы керемет әзілдерімен ерекшеленіп, жүлделі 2 орын және 80 000 теңгелік сертификатпен марапатталды. Жеңісіміз құтты болсын!