«Теңізшевройл» ЖШС – шикі мұнай, сұйытылған газ, құрғақ газ және күкіртті өңдеумен, өндірумен және сатумен айналысатын алып компаниялардың бірі.
Колледжде мұнай-химия саласының студенттеріне ТШО мекемесінің өкілі, завод КТЛ, орталық басқару пунктінің жетекші операторы- Н.Қайырғалиевтың қонақ дәрістері өтті.
Нұрлан Қабибекұлы-ТШО-да қолданылатын заманауи технологиялар мен өндірістегі әлемдік деңгейдегі қауіпсіздік және экологиялық стандарттар, қолданылатын жабдықтар мен олардың жұмысына байланысты өз тәжірибесімен бөлісті.
Студенттер ақпаратты қызығушылықпен тыңдап, сұрақтарын қойып, ашық дискуссия форматында өтті.
Заводта 18 жылдық тәжірибесі бар Н.Қайырғалиевтың дәрістер легі келесі апта жалғасын таппақ!