Бүгін "Бес күндік дала жиыны" апталығының үшінші күні.
⠀Дүйсенбі күннен бастау алған апталықтың бүгінгі үшінші дәрісі сәтті өтті. Әр сабақ сайын студенттер өз білімдерін арттырып, пайдалы кеңестер алуда.
⠀Бүгінгі күнде ұлдарымыз "Калашников автоматын жартылай бөлшектеу жəне жинақтау жаттығулары, Атуға ыңғайлануға жаттығу (АК-74, пневматикалық винтовка), қол гранаттарын лақтыру, автоматтан ( пневматикалық винтовкадан) ату тақырыптары бойынша үйренді.
⠀Қыз балаларымыз "Электр жарақаты кезінде көрсетілетін алғашқы медициналық көмек және осы кездегі шаралар және суға кеткен кезде алғашқы медициналық көмек. Жүрек жұмысымен тыныс алу қалпына келтіру тәсілдері" тақырыптары бойынша дәріс алды.