Бүгін 5 күнге созылатын жұмысшы мамандардың біліктілігі сыналатын өңірлік «Worldskills Atyrau -2021» чемпионаты старт алды.
Чемпионаттың ресми ашылу салтанатында Stem технологиясы арқылы білім алып жатырған колледж студенттері арнайы дайындалған көрмеге 3D LAB полигонында дайындаған авторлық туындыларын көпшілікке ұсынды.
"Желілік және жүйелік басқару" құзіреттілігі бойынша чемпионатқа қатысушы Ізтай Ильяс телеарнаға берген сұхбатында "Мен үшін колледж атынан бұл чемпионатқа қатысу үлкен мәртебе. Өзімнің шеберлігімді көрсетіп, мықты екендігімді дәлелдеудің мүмкіндігі деп білемін. Барлық қатысушыларға сәттілік, өзіме жеңіс тілеймін" деп қуанышымен және дода алдындағы қобалжу сезімімен бөлісті.
Биыл колледж студенттері 11 құзіреттілік бойынша үздіктерді анықтайтын додада бақ сынамақ.
Барлық қатысушыларға сәттілік тілей отырып, кәсіби даярлықтың жоғары деңгейін көрсетуге тілектеспіз!