Колледж 88-ші түлектерін үлкен өмірге ақ жол тілеп, ұшырды!
Енді олар өз ісінің кәсіби мамандары. Білім шаңырағында түлектер төрт жыл бойы білім алып, мемлекеттік емтихандарын тапсырып, дипломдық жұмыстарын да сәтті қорғап шықты.
Олар қолдарындағы кәсіби маман екенін дәлелдейтін дипломдарымен белестерді бағындыруға жол тартпақ.
Бүгін Саламат Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжінде жүрек тебірентерлік жауапты сәт - диплом табыстау салтанатты жиыны карантиндік талаптарды сақтай отырып, 12-үздік және колледждің биік межеден көрінуіне зор үлестерін қосқан 30-белсенді студенттерге диплом табысталды.
Әлеуметтік серіктес мекемелер «Тиберти Электрик» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің техникалық директоры Аблаев Айдер Сеитович студенттерге сәт сапар тілесе, «Атырау жылу электр орталығы» акционерлік қоғамы кадр бөлімінің басшысы Тулегенова Назгуль Доскабылқызы бітіруші түлегіміз Қалымжанов Нұрсұлтанды, «ПКФ Континент Ко ЛТД» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінін кадр бөлімінің бас маманы Тілепбергенова Арайлым бітіруші түлегіміз Молдабаева Мөлдірді жұмысқа қабылдап, еңбек кітапшасын табыстады.