Білім беру мекемелері арасында тәжірибе алмасу және кәсіптік маман даярлаудың заманауи әдістері мен тәсілдерін жетілдіру мақсатында халықаралық байланыс жұмысы шеңберінде екі оқу орны арасында жасақталған меморандум аясында Омскінің өндірістік-экономикалық колледжінің инженер-педагогтары мен сарапшыларының қатысуымен онлайн кездесу өтті.
Мұнай-химия бағытында WorldSkills байқауын ұйымдастыру бойынша сарапшы Людмила Назарова өз тәжірибесімен бөлісіп, Анжелика Колесникова демонстрациялық емтиханды өткізудің реттілігі мен ережелерін түсіндірді. Директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Игорь Железщиков ынтымақтастық үшін ризашылығын білдіріп, колледждер арасындағы өзара тиімді модельдер мен механизмдерді құру және іске асыруға бағытталған іс-шараларды бірлесіп өткізуге шақырды. Алдағы уақытта аталған оқу орнымен бірлескен шаралар, қонақ дәрістері ұйымдастырылып ынтымақтастық байланыс өз жалғасын табады.