Достар!
Сіздерді Жаңа 2022 жылымен құттықтаймын!
Оқу орнымызда әлеуетімізді барынша тиімді пайдалана отырып шәкірттер тарапынан да, оқытушылар құрамы тарапынан да сан сала бойынша жоғары жетістіктерге қол жеткіздік. Бұл – ұйымшыл ұжымның ізденімпаз еңбегінің арқасында мүмкін болды. Еңбегіміз бағаланып, биік марапаттарға ие болдық. Республика көлемінде орнымызды нықтап, танымал болып, көш басынан лайықты орын алдық.
Енді табалдырығымыздан ерекше жыл - Барыс жылы аттағалы тұр.
Бұл аңды халқымыз ежелден киелі санаған. Паң да таза, ақылды да айлалы Барыстың Еліміздің ұлттық символына айналуында терең мән-мағына жатыр.
Қашаннан жайлы саналған Барыс жылынан тек жақсылықтар күтіп, үлкен үміт артамыз.
Жаңа Жыл әр отбасы үшін ырыс пен береке жылы болсын. Тілектер, ойға алған мақсаттарымыз орындалсын!
Барыс жылында да мерейіміз үстем, беделіміз биік, абыройымыз асқақ болғай!
Құрметпен, колледж директоры Б.Шеркешбаева