Студенттерді көркем әдеби кітаптарды оқуға қызығушылықтарын арттыру, адамгершілік құндылықтарды дамыту мақсатында «Кітап оқу-рухани әлемге жол» атты акциясы және 14 ақпан –Халықаралық кітап сыйлау күніне орай жалпы бөлімнің ұйымдастыруымен «Кітап оқу лидері» тақырыбында сайыс өткізілді.
Аталған шараға қатысқан кітап сүйер әр қатысушы бес кезең бойынша сайысқа түсті.
Бастапқыда қатысушылар өздерінің оқыған кітаптарының атауы мен авторын атап өтіп, қысқаша мазмұнын айтып өтсе, келесі кезеңдерде кітап абзацын оқып, алған әсерлерімен бөлісті.
Шара барысында қызықты лайфхактар мен есте сақтау қабілеттілігін жақсарту мақсатында ойындар өткізілді.
Шара соңында кітап сүйер қатысушылар бірі-біріне кітап сыйлап, әділ қазылар алқасы «Кітап сүйер көшбасшы» номинациясымен ВТиПО-20 тобының студенті Ақбисен Бекзатты марапаттады.