Колледжде өндірістік оқыту шеберлері арасында "Үздік өндірістік оқыту шебері-2022" өтті. Байқау Өндірістік оқыту шебері мәртебесін арттыруға және үздік жұмыс тәжірибесін әрі қарай таратуға бағытталған, оған педагогикалық қызметте жоғары жетістіктері бар колледж бойынша 9 шебер қатысты. Еңбекке жаңа сипат беретін ғылыми-техникалық прогресс жағдайында қазіргі заманғы жұмысшының оған дайын болуы, кәсіптік-техникалық білімі болуы, кәсібі бойынша терең білімі және өндірістік қызметтегі іскерлігі болуы қажет. Бұл мәселені шешуде жетекші орын өндірістік оқыту шеберлеріне тиесілі. Олар ұлдар мен қыздарға өздерінің білімі мен тәжірибесін, идеялық нанымын беруге, белсенді өмірлік ұстанымды тәрбиелеуге, өсіп келе жатқан Қазақстан азаматының жеке басын қалыптастыруға, жоғары моральдық-этикалық қасиеттерді сіңіруге арналған.
Кез – келген байқау, бұл жұмыс тек қатысушылар үшін ғана емес, қазылар алқасы үшін де жауапты. Қатысушылардың жұмысын жоғары кәсіби және құзыретті мамандар бағалады. Конкурс қорытындысы бойынша
Алғыс хат алды:
Төлебаев М.
Бағытов М.
Дүйсенов К
Аңсаған А
3 орын Есенаманова А және Қонысбаев Г
2 орын Муфтахова Әсел
Арыстанбекова Жаңыл "Өндірістік оқытудың үздік шебері-2022 " атанып, облыстық байқауға жолдама алды.
Байқаудың барлық қатысушылары мен жеңімпаздарын құттықтаймыз, шығармашылық табыстар мен жаңа кәсіби биіктерге жетуді тілейміз!