Бүгін мұнайгаз саласы бойынша сервистік қызмет көрсететін "Western Solution" ЖШС-мен серіктестік туралы келісім шартқа қол қойылды. Алдағы уақытта аталмыш мекемемен кәсіби практиканы ұйымдастыру, дуалдық оқыту жүйесін дамыту, түлектерді жұмыспен қамту бойынша жұмыстар бірлесе атқарылмақ.
Алғашқы оң қадамдарымыз да бар. Колледж қабырғасында кәсіби құзіреттіліктерді белсенді игеріп, теориялық білім алып, токарлық жұмыстар бойынша құзіреттілік орталықта практикалық шыңдалған 3,4 курстың студенттері бүгінгі күні мекемеде токарлық станоктарда қызмет етіп, мекеменің кадрлар қатарын толықтырды.
Мекеме басшысы Жігер Аманбайұлы колледж дайындаған мамандарға риза екендігін атап өтіп, алдағы уақытта тығыз байланыс орнатуды, ұзақ та мықты серіктес болуға ниетті екенін білдірді.