Бүгін "Цифрлық білім беру ресурстарын, электронды оқулықтарды жасақтау" тақырыбында директор орынбасары Н.Нуржан мен арнайы пән оқытушысы Г.Қабдешова колледж оқытушыларына семинар өткізіп, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар барысында түрлі форматта электрондық оқулықтарды жасақтауға мүмкіндік беретін, интерфейсі өте қарапайым KOTOBEE бағдарламасы арқылы цифрлық білім беру ресурсын жасақтау және білім беруде веб-квесттер, викториналар мен ойындар арқылы мобильді оқытуды ұйымдастыру мақсатында қолданылатын LEARNIS платформасының артықшылықтары мен қолдану нұсқамасымен таныстырды.
Әлемдегі жетекші веб-сайттардың бірі "Center for Learning & Performance Technologies" рейтингі бойынша оқу процесінде қолдануға болатын ҮЗДІК 150 сандық құрал қатарына енген бұл бағдарламаларды колледж оқытушылары тиімді пайдаланады деген сенімдеміз.