Өңірдегі мұнай-газ саласына қажетті мамандарды дайындау, практикаға негізделген оқу процесін ұйымдастыру мақсатында "Мұнай және газ кенорындарын пайдалану" мамандығы бойынша 3 курстың 15 студенті мекемеге қарасты кенорындарда дуалдық жүйе бойынша практикадан өтуге сұхбаттасудан өтті.
Мекеме тарапынан колледж студенттеріне теориялық білімдерін өндірісте тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік берілетіндігі қуантарлық жағдай.
Сұхбаттасуды өткізген "Ембімұнайгаз" АҚ-ң өндірістік- техникалық департамент директоры Қ.Тулеушев пен қызметкерлерді таңдау және дамыту бөлімінің бастығы А.Берегенова колледж студенттерінің білім көрсеткіші жоғары оқу орындарының студенттерінен қалыспайтындығын атап өтті.
Колледж тарапынан мекеме басшылығына мамандар даярлау ісіне қолдау білдіргені үшін алғыс білдіре отырып, студенттерімізге сәттілік тілейміз