IT-құзыреттілік орталығының базасында Inventor бағдарламасында 3D модельдеу бойынша ақылы курстардың кәсіби деңгейі басталды.
Курс тренері- Швейцария мемлекетінде өткен Әлемдік Worldskills чемпионатының қатысушысы, инженерлік графика және прототиптеу құзыреттіліктері бойынша Ұлттық чемпионаттың алтын медалінің иегері – Мұханғалиев Нұрасыл.
Курс барысында студенттер кез-келген өнімнің 3д үлгілерін сызуды және жасалған үлгілерді құрастыруды, машина бөлшектерін жобалауды, визуализация мен анимация жасауды үйренетін болады.
Үздік нәтиже көрсеткен тыңдаушы- өңірлік Worldskills чемпионатында колледж намысын қорғайтын болады. Ендеше курс тыңдаушыларына сәттілік тілейміз