“Баймұханов 45” КВН құрамасы -1/4 кезеңіне жолдама алды.
27 мамыр күні Атырау облыстық «Жайдарман» ойындарының «Премьер лига» ойындарының 1/8 кезеңі өтті.
Бұл тартысты додада көңілді, талантты, тапқыр жастардан құралған 15 команда бақ сынасқан болатын. Қазіргі өзекті мәселелерді астарлы әзіл, қағытпа қалжыңмен жеткізе білген колледжіміздің “Баймұханов 45” құрамасы ойынның келесі кезеңі 1/4-ке өткен 10 команданың ішінен табыла білді.
Колледж командасына алдағы болатын 1/4 кезеңіне Сәттілік тілейміз!