Бүгінгі заман талабы – өндіріс пен оқу орны сапалы маман даярлауда тең деңгейлі жауапты серіктес болуы.
Теория мен практика арасындағы алшақтықты болдырмау мақсатында мұнай бөлімінің арнайы пән оқытушылары мен студенттері Сазанқұрақ өндіріс алаңына кәсіби сапар жасап, кенорындағы технологиялық процестер мен жабдықтардың жұмыс қызметімен танысып келді.
Кенорын басшысы К.Хасанов өндірістік алаңның үздіксіз жұмысымен таныстырып, туындаған сұрақтарға жан-жақты жауап берді.
Бұл тағылымдама студенттер үшін теориялық білімдерін практика жүзінде шыңдауға керемет мүмкіндік болды.