600-ге жуық жаңадан ашылған 2 Binom мектебінің 9 сынып оқушыларының қатысуымен Әль-Фараби атындағы Binom мектебінің базасында «Мамандықтар жәрмеңкесі» өтті.
Колледждің белсенді студенттерінен құрылған мобильді топ жәрмеңкеге мамандықтар туралы жан-жақты бағдар беру мақсатында шеберлік сабақтар ұйымдастырды.
Оқушылар назарына:
1. «Virtual Reality-мамандықпен жасанды ортада танысайық» жобасы
2. «Хош иісті ароматизаторлар, сабындар дайындау методикасы»
3. «Мобильді робототехника»
4. «3D modeling and printing» жобалары ұсынылды.
Қызығушылық танытқан әрбір оқушы өзінің практикалық дағдылығын анықтау мақсатында VR тренажерында тапсырма орындап, роботты басқару, 3D model-дерді сызу сияқты тапсырмаларды орындап шықты.
Мобилографияға қызығушылығы бар оқушылар арнайы құрылғылардың көмегімен видео контент дайындап, өзін нағыз мобилограф ретінде сезіне алды.
Polytech-пен жақынырақ танысу мақсатында Quiz ұйымдастырылып, ойын жеңімпаздарына Fablab базасында дайындалған өнімдер сыйға берілді.
Оқуға қабылдау науқаны кезеңінде Polytech студенттерінің қатары Binom мектептерінің түлектерімен толығады деп сенеміз!